Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілі БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша өкілі Арлем Дезир наразылық шараларынан хабар таратқан журналистердің ұсталуына алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
«Кәсіби міндеттерін орындау барысында журналистер, блогерлердің жұмыстарын атқаруға кедергі жасап, олардың ұсталуына алаңдаймын. Қоғамға әлеуметтік наразылық мәселелерін жеткізу журналистердің басты рөлі, олар қызметтерін атқару барысында жазалануға тиісті емес», - деп атап өтті Арлем Дезир.
ЕҚЫҰ өкілі мәлімдемесінде 27 ақпанда Жаңаөзенде Азаттық тілшісі Сәния Тойкен мен видеооператор Санат Нұрбектің ұсталғаны айтылған. Оларды полиция алты сағат бойы ұстап, босатқан. Сол күні Алматыда блогер Асхат Берсалимов, Оралда Асқар Шайғұмаров ұсталды.
Дезир мәлімдемесінде Қазақстанда соңғы уақытта журналистер мен блогерлерді ұстау оқиғалары жиілеп кеткенін айтып, алаңдаушылығын жеткізді. Ол құқық қорғау органдары журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуі керек деп есептейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы