Венесуэланың Иранға сапарлай келген делегациясымен кездескен Иран СІМ басшысы Мұхаммед Жевад Зариф сыртқы күштердің араласуына қарсы екенін білдірді. Ол және АҚШ-тың Венесуэлаға әскери күш қолдану қаупі халықаралық құқыққа қайшы деген пікірін білдірген.
IRNA ақпараттық агенттігінің Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасына сілтеме жасай отырып таратқан хабарында, Зарифтің Венесуэла СІМ басшысының орынбасары бастаған делегациямен кездескенін айтады. Зариф кездесуде Венесуэланың үкіметін қолдайтынын, түрлі сыртқы күштердің операциясына қарсы екенін білдірген.
Иран СІМ басшысы Николас Мадуро билігінің үкімет пен оппозиция арасында келіссөздер жүргізуін, сол арқылы келіспеушіліктерді шешуге күш салуын сұраған. Ол сондай-ақ, АҚШ әскери күш қолданған жағдайда халықаралық ережелерді бұзатынын, әрі бұның «олар ойлағандай табысты болмайтынын» айтқан.
Иран Ислам Республикасы Николас Мадуро билігін қолдаған санаулы елдердің бірі.