Аустрия билігі «Солтүстік ағыс – 2» жобасының жүзеге асуына қарсы емес. Бұл туралы Аустрия канцлері Себастьян Курц мәлімдеді.
Себастьян Курц АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу барысында Еуропа қарамағындағы «Солтүстік ағыс – 2» газ құбырының салуына қарсылық білдірмейтінін айтқан. Себебі, Шенген аймағына қарасты мемлекеттер энергияға мұқтаж. Ал Ресейден тасымалданатын газ АҚШ-қа қарағанда арзан.
Жалпы алғанда АҚШ, Украина және Орталық Еуропа елдері құбыр құрылысының жалғасуына қарсы, өйткені бұл өз аумағы арқылы Ресей газының транзиті үшін салық ала алмайтын Украинаға көп көлемде зиян келтіреді. Уашингтон бұл газ құбыры алдағы он жылдықтарда Германияның Ресейге энергетикалық тәуелділігін арттырады деп санайды.
Айта кетейік, ресейлік «Газпром» «Солтүстік ағыс – 2» консорциумын басқарады. 11 млрд доллар болатын құрылыс келесі жылы аяқталуы керек. Құбыр жұмыстары Ресей газының Германияға Украина аумағын айналып өту көлемін екі есе арттыру мақсатында қолға алынған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті