АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні кеште мәлімдеме жасап, Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен (Ким Чен Ын) ақпан айының соңына қарай кездесу өткізетінін айтты.
Құрама Штат президенті сөзінде екінші «Трамп-Ким саммитінің» 27-28 ақпан күндері Вьетнамда өтетінін айтты. Алайда, саммитке Вьетнамдағы қай қаланың таңдалғанын ашып айтпады.
Былтыр маусым айында Сингапурда өткен саммиттен кейін де, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы диалогтар ел күткен нәтижені бермеді. Алғашқы «Трамп-Ким саммитінде» екі елдің басшылары Корей түбегін ядролық қарусыздандыру, экономикалық дамуға жәрдем беру сынды мәселелерде ортақ пікірге келген болатын. Алайда, уақыт өте келе бұл келісімдердің бірден жүзеге аспайтыны анық болды.
Соған қарамастан, АҚШ президенті мәлімдемелерінде Солтүстік Кореямен диалогтар жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтқан болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр