Жексенбіде Рим папасы Франсис (Франциск) дінаралық конференцияға қатысу үшін Біріккен Араб Әмірлігіне сапарлай барған болатын. Осылайша, Франсис Араб түбегіне аяқ басқан алғашқы Рим папасы болып қалды. Католик дінінің рухани көсемі ислам әлеміндегі сапарын бүгін аяқтайды.
Рим папасы кездесуде, Ватиканнан аттанудан бұрын Йемендегі гуманитарлық дағдарысқа баса назар аударғанын, ондағы жағдайға алаңдаушылық білдіретінін айтқан. Сондай-ақ, барлық тарапты халықаралық келісімді құрметтеуге шақырып, Йеменге гуманитарлық көмек көрсету керек екенін ортаға салған.
Дүйсенбі күні өткен «Адам ағайындары конференциясында» Рим папасы мен Мысырдағы Каир Азимут мешітінің имамы сөз сөйледі. Аталған жиынға мұсылман, христиан, еврей, индус, буддист және басқа да діндердің дінбасылары қатысқан.
Бүгін Рим папасы Абу-Дабиде 130 мыңнан астам адамның қатысуымен өтетін христиандық діни шараға қатысады. Бұл араб жерінде өткен ең үлкен христиандық діни шара болмақ. Ватикан тарабы көрсеткен мәліметтерге қарағанда Араб түбегінде 1 миллионға жуық христиан өкілдері бар. Олардың басым көпшілігі БАӘ жерінде тұрады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді