Қырғызстанның Шу облысына қарасты Жаңа-жер ауылында терроризм және экстремизммен сотталғандарға арналған № 27-ші бөлек корпус ашылды.
180 адамға арналған ғимараттың құрылысы мен жабыдқатарына Қырғыз мемлекеті 33 миллион 928 мың сом бөлген екен.
Қырғызстан Мемлекеттік жазасын өтеу қызметінің басшысы Талайбек Жапаровтың сөзінше, террорлық әрекеттер мен экстремизмге қатысы бар азаматтар бөлек камерада отыруы тиіс. Сондай-ақ Беловод ауылында орналасқан колонияның жанынан тағы бір корпус салу жоспарда бар екендігін тілге тиек етті. Өйткені, Қырғыз елінде қамауда отырғандардың статистикасына көз жүгіртсек, мұндай жандар діни сауаты төмен азаматтарды өз еріктеріне оңай көндіріп алады екен.
Қазіргі таңда жалпы Қырғыз Республикасында 600-ден астам азамат экстремизм және терроризм бойынша өз мерзімдерін өтеуде. Соңғы бірнеше жылдың ішінде, ресми олардың тек, төртеуі ғана бұл бағыттан бас тартқан екен.
![]()
Жаңадан салынған ғимаратта сотталған азаматтар спортпен шұғылданып, серуендеуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар арнайы өндіріс ұстаралары да еңбек етем деген азаматтар үшін әзір тұр Бұдан бөлек, барлық қылмыскерлерді арнайы шеберлікке үйретіп, дәріс соңында арнайы сертефикат беру де қарастырылған.
Қазіргі таңда жаңа корпусқа жүз адамды алмастырған. Болашақта бос орындарға өзге түрмелердегі экстремизм және терроризммен жазаланғандарды ауыстыру көзделуде. Осылайша Қырғызстан билік өкілдері жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарды бөлек отырғызып, бағыттарын өзгертуді қалап отыр. Себебі, мұндай жандарды қалыпты дінге әкелу ең қиын жұмыстардың бірі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді