Жапония Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізбек. Бұл туралы Japan times хабарлады.
Екі ел Жапон теңізінің атын өзгертуге қатысты мәселелерді талқыламақ. Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга баспасөз конференциясын өткізіп, мұхит пен оның шекаралас аумақтарына халықаралық атаулар беретін үкіметаралық ұйымды құру мәселесін қарастыратындығын мәлімдеді. Оңтүстік Корея тарапы Жапон теңізін «Шығыс теңізі» деп атауды ұсынған. Олар 1910-1945 жылдары Кәріс түбегін отарлай бастаған жапон үкіметі теңіздің атауын өз халқының атымен қойған дейді. Ал Ёсихидэ Суга теңіз атауы халықаралық талапқа сай және оны өзгертуге еш себеп жоқ екендігін айтты. Қос тарап алдағы уақытта осы мәселеге қатысты арнайы келіссөз өткізеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы