Ұлыбританияның Лейбористік партиясы премьер-министр Тереза Мэйдің Brexit жоспарына қатысты референдум өткізу туралы ұсыныс білдірді.
Егер референдум жайлы шешімді Британия парламенті мақұлдаса, премьер үкіметі Brexit бойынша «Б» жоспарын кезекті мәрте таныстыруға мүмкіндік алады. Осыған дейін өткен парламент отырысында Британ парламентарийлері премьер-министр Тереза Мэй ұсынған Brexit жоспарын кері қайтарды. Соған қарамастан, парламент өкілдері Мэйге сенім білдіріп, премьер үкіметі өз беделін сақтап қалғанболатын.
Айта кетейік, Ұлыбритания 2016 жылдың маусым айында жаңа референдум қабылдап, Еуроодақтан шығу туралы мәлімдеген болатын. Шарт бойынша мемлекет 2019 жылдың наурызында Еуропалық Одақ құрамынан шығуы тиіс еді. Британ парламенті бұл шешімге қарсылық білдірген соң, Одақ басшылығы Тереза Мэйдің жоспарын келер жылға қалдырды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті