Армения президенті Армен Саркисянның жарлығымен Никол Пашинян жаңа премьер-министр атанды.
Армения Конституциясының 149 тармағының 1 бөліміне сәйкес, парламент үкімет басшысын таңдамайды. Тиісінше, президент өзі тағайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы армян тұрғындарының ұйымдастырған «Барқыт төңкерісі» дәл осы Никол Пашинянды үкімет министрі ретінде сайлауға мүмкіндік туғызған. Ал, 2018 жылдың 16 қазан айында Пашинян өз еркімен отставкаға кетуге өтініш білдірген. Бұл қадамға парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу үшін барған азамат, енді қайтадан өз орынына жайғасты. Сонымен қатар, Пашинян бастаған «Менің қадамым» партиясының мүшелеріпарламенттегі фракциялардың ең көп депутаты саналады. Бүгінгі таңда аталған партияның атынан 88 депутат парламенттік мандатқа ие.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі