Македония еліне жаңа мүмкіндіктер ашылды. Себебі, Грекиядағы бір аймақпен аттас болғаны үшін ұзақ уақыттан бері НАТО мен Еуроодаққа кіре алмай жүргендігі белгілі.
2018 жылдың 17 шілдесі күні Македония мен Греция елі гректердің Преспесе қаласында Македония атауын Солтүстік Македония деп өзгерту туралы келісімге қол қойған. Алайда, Македон парламенті қарсы шығып, бұл іс тез арада орындала қоймады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін, 120 депутаттың 81-і өздерінің қолдайтындықтарын білдіріп дауыс беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді аталған заң Македония президенті Георге Иванның қол қоюынан кейін заңды күшіне енетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Македония басшысы осыдан біраз уақыт бұрын аталған заңға қол қоюдан бас тартқан болатын. Себебі, мұның ешқандай маңызы болмайтындығын жеткізген. Алайда, Афиналықтар Македония есімі 1991 жылы Югославия мемлекеті құлағаннан кейін пайда болып, тарихи ескерткішке толы аймаққа қатысы болмағандығын алға тартқан еді. Сонымен қатар, әркез НАТО мен Еуроодақ ұйымына кіруге берген өтініштерін бұғаттап отырды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті