Түркия Сүрияның шығысына антитеррорлық операцияға дайындық үстінде. Аталған жобамен 500-600 мыңнан астам босқындар отандарына оралуына мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен бірге, бұл операция АҚШ әскерлерінің Сүриядан шығуына ықпал жасап, ұзақ жылғы соғыстан қираған Сүрия қалаларын қайтадан қалпына келтіруге көмектесетін болады.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, «Түркия 70-ші жылдан бері террористер және оларды қолдайтын елдермен күресіп келеді. Осының әсерінен Түркия елі 700 миллиард доллардан астам қаражат шығындаған. Егер терроризммен күрес жүрмеген жағдайда, жалпы ішкі өнім бойынша әлемдегі 13-ші емес, 8-ші орында тұруы тиіс еді», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсан күні Трамп Сүрия аумағынан АҚШ әскерін шығаруға байланысты жарлыққа қол қойған. Ол өзінің бұл қадамын «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының жеңіліс табуымен байланыстырып, АҚШ әскерінің бұдан әрі Сүрия аумағында қалуына ешқандай негіз жоқ екендігін айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы