АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак және Сүрия шекарасындағы діни радикалды ДАЙШ ұйымының барлық террористерін 30 күнде құртатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлап отыр.
«АҚШ ДАЙШ ұйымымен күресу үшін үлкен жұмыстар атқарды. Бүгінде Сүрия мен Ирак аймағында террористердің саны тым аз. Бұдан кейін алдағы 30 күн ішінде бірді-бір сарбазы қалмайды» деп Дональд Трамп уәде берді.
Аз ұлттарға қолдау көрсетіп, заңды жобаларын сақтау үшін болған жиын кезінде АҚШ президенті күтпеген мәлімдеме жасады. Оның ойынша, лаңкестік топтар аталған елдің тұрғындарына зиян келтіріп, тыныштығын бұзған. Осыған байланысты АҚШ террористік ұйымдармен күресті бірінші күннен бастап қолға алатындығын жеткізді.
Қазіргі таңда АҚШ билігі ДАЙШ ұйымының қысымына ұшыраған Сүрия мен Ирак елдерінің тұрғындарына көмек көрсетуін жалғастырып келеді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі