НАСА Жер үшін ең қауіпті саналатын Бенну астероидының видеосын жариялады.

Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары ашқан астероид 2013 жылдан бастап Жер үшін аса қауіпті нысан болып саналады. Ал осыған дейін ең қауіпті астероид ретінде Апофис аталған.
Twitter-де жарияланған видеода Бенну толық айналған және ол «OSIRIS-Rex» ғаламшараралық стансасысының көмегімен түсірілген. Болжам бойынша, 500 метрлік ғарыш денесі Жерге 2182 жылы жақындайды. Оның қауіптілігі соншалық, Жерді жойып жіберуі мүмкін дейді ғалымдар.

"The Qazaq Times"