Еуропа Одағы Ауғанстан жағдайын ретке салу, елді қалпына келтіруге жәрдем ретінде 474 млн евро қаржы бөлмек. Бұл туралы Женевада өткен Ауғанстан тақырыбындағы БҰҰ конференциясында белгілі болды.
Аталған конференцияны БҰҰ мен Ауғанстан үкіметі бірлікте ұйымдастырған. Жиын Ауғанстанды қайта құру, елдегі тұрақтылықты қалыптастыруға халықаралық жәрдем топтастыруды тақырып еткен.
Конференция барысында ЕО комиссиясы мен Ауғанстан арасында қаржылай жәрдем беру келісіміне қол қойылған. Келісімге ЕО-ның Халықаралық ынтымақтастық және дамуға жауапты өкілі Мевен Мимика мен Ауғанстанның қаржы министрі Мұхаммед Хумаюм Каумин қол қойды.
Келісімге сай Еуропа Қайта құру және даму банкінен 474 млн евро қаржы бөлінеді.
Ауғанстанның тұрақтылығы мен елді тұтасымен бақылауына ала алатын биліктің болуы сол ел үшін де, оған шекаралас елдер мен өңірлер үшін де аса маңызды. Қазір Ауғанстанда топтасқан террорлық ұйымдар өңірдің қауіпсіздік мәселесін қиындатып отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді