ҚР премьер-министрі Б. Сағынтаев Бейжіңде жасаған ресми сапары кезінде, Қытай премьері Ли Кычяңмен үкіметаралық келіссөз жүргізді. Премьер-министрі Б. Сағынтаевтың Қытай сапары Шынжын қаласында да жалғасып, онда үкімет тұлғаларынан тыс ірі кәсіпорындар, ұлттық компаниялардың көшбасшыларымен кездесті.
Бейжіңдегі қос елдің премьер-министрлері екіжақты келісімдерді жүзеге асыру істерін талқыға салған. Екіжақты сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, инфрақұрылымдық, индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту мәселелері басты тақырып болды. Бұларға қоса, инвестициялар, цифрландыру, өнеркәсіп, металлургия, машина жасау, энергетика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалары да талқы тақырыбында қамтылды. Бұдан тыс, трансқұрлықтық контейнерлік тасымалдардың көлемін, әсіресе, Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша істері де сөз болған.
Б. Сағынтаев кезекті ресми сапарында ірі инвестициялық компаниялармен де кездесу өткізген. Бұл кездесу негізінен Қазақстан экономикасының технологиялық жаңарту, ауыл шаруашылығын, құрылыс және металлургия саласын дамыту істерінде бірлескен жобаларға арналған.
Кезекті сапарда ҚР премьері Қытайдың зерттеу, сараптау орталықтары, ЖОО-ның зерттеу институттарының өкілдерімен де кездесуде болған.
Бақытжан мырзаның Қытай сапары, ҚХР төрағасы Ши Жипиңмен кездесуден басталған. Бұл кездесуде Қытай басшысын ҚР президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен 2019 жылы Қазақстанға ресми сапарлай келуін шақырған болатын.