Роналду мен Месси ілікпей қалған әлемдік деңгейдегі «Алтын доп» марапатына кімнің лайықты екені айтылды.
3 желтоқсанда өтетін «Алтын доп» жүлдесін табыстау салтанатты шарасына қатысты италиялық спорт тілшісі Танкреди Палмери пікір білдірді. Оның мәліметінше, биылғы жылдың ең үздік футболшысы атағын Антуан Гризман иеленеді. Себебі өткен маусымда Гризман мадридтік «Атлетикомен» Еуропа лигасын жеңіп, Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. Ал франциялық журналист Эрик Мамуртаның пікірінше, «Алтын доп» марапатына басты үміткерлер қатарында ПСЖ мен Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе, «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич және Рафаэль Варан көш бастап тұр.
Өткен аптада «Ювентус» форварды Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси он жылда алғаш рет «Алтын допсыз» қалатыны анықталған. Бұлай болудың бірден-бір себебі – қос футболшы әлем чемпионатында айтарлықтай ойын көрсетпеген. Бірақ британиялық БАҚ іріктеудің әлі де жүргізіліп жатқанын және нәтижелердің тағы да өзгеретінін мәлімдеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер