АҚШ Иран мұнайын сатқан ресейлік компанияларға санкция салды.
Қара тізімге енген Global Vision Group пен «Промсырье Импорт» мемлекеттік кәсіпорнының Ираннан Сүрияға мұнай тасымалдауға қатысқаны анықталды. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, қатаң қаулылар Ресей мен Иранның Башар Асад режимін қолдау әрекетіне қарсы жүзеге асып отыр. Бұл істі анықтау барысында бірнеше астыртын әрекеттер мәлім болған. Мәселен, Иран Американың санкциясын «елеусіз қалдырып», ресейлік компаниялар арқылы мұнай тасымалын жүзеге асырып отырған. Ал Ресейдің Энергетика министрлігінің қарамағындағы «Промсырье Импорт» кәсіпорны Сүрияға миллиондаған мұнай баррельін жіберген.
Осыған дейін АҚШ «айдаһар санкциялар» атанған қатаң қаулыны Ресейге қарсы іске қосатынын айтқан болатын. Заң жобасының экономикалық бөлігінде АҚШ-та санкциялық режимде тұрған жеті ресейлік банк құрылымдарының, соның ішінде «Сбербанк», ВТБ, ВЭБа және «Промсвязьбанктің» операцияларына және активтеріне тыйым салу қарастырылған. Ал 6 қарашада Уашингтонның Иран банктері мен мұнай компанияларына қарсы санкциялары қалпына келтірілді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы