Араб елдері одағының жиналысында Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдары мен жаулау әрекеттерін айыптап, халықаралық қауымдастықтан Палестинаны қорғауға алуды талап етті. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Кезекті Араб елдері одағының мәжілісі Мысыр орталық қаласы Каирде өтті. Жиналыстың ортақ декларациясында: «Араб елдері одағы Израильдің палестиналықтарға бағыттаған жоспарлы қырғындауын, әскери шабуылдарын қатаң айыптайды», – делінген. Сондай-ақ, БҰҰ мен халықаралық ұйымдарды палестиналықтарды қорғауға шақырған.
Аталған мәжілісте Израиль үкіметін Газаға жасалған шабуылдардың басты қылмыскері ретінде көрсетеді. Айта кетуі керек, кезекті араб елдерінің мәжілісі Палестинаның өтінішімен өткізілген.
Шын мәнісінде Израиль мен Палестина арасында қақтығыста Араб елдері әлсіздік танытып келеді. Палестинаның бүгінгі тағдырына да ұқсамаған мүддемен, стратегиялық бағытта біріге алмаған тұтас араб елдерінің де өзіндік үлесі бар.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі