XV өңіраралық форум қарсаңында Қазақстан мен Ресей медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Қос елдің мамандары туристерге медициналық арналған жаңа жобаны таныстырып, тәулік бойы қызмет атқаратын біріңғай порталдың жұмысын көпшілікке ұсынды. Бұл Қазақстан мен Ресейдің туризміне бағытталған жаңа ыңғайлы тәсілдің бірі болып табылады. Мұндай ақпаратты Спутник мәлімдеп отыр.
Аталған жоба медициналық туризм және импорттың орынын алмастырудың дамуына өз үлесін қосатындығына сенімді. 2019 жылдан бастап 32 мың шет елдік туристердің назарын аударып, миллиард теңгеден астам қаражат табу жоспарланған.
Алдағы уақытта call-орталықтың тегін қызметі іске қосылмақ. 1430 нөмірі арқылы қазақстандық және шет елдік науқастар өздеріне керек ақпараттарды алып, тәулік бойы мағлұматтарға ие бола алады. Сонымен бірге, аталған орталық ағылшын және орыс тілінде ақпарат бере алатын мүмкіндікке ие.
Ысқақов өз сөзінде: « Біздің мақсат Қазақстандағы медтуризмді алға қарай дамытып, медицинаны жоғары дәрежеге жеткізу. Сонымен қатар төмен бағалар қою арқылы қазақстандық науқастардың шет елге шықпай-ақ ем алуына мүмкіндік жасау» деді.
Естеріңізге сала кетейік, Петропавл қаласында өтіп жатқан форум барысында, Ұлттық теннис орталығында Қазақстен мен Ресейдің әртүрлі аймағынан 44 түрлі экспонат қатысуда. Сондай-ақ мыңнан астам делегаттар мен қос елдің 150-ден астам мемлекеттік қызметкерлері бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді