АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына экс-президент, демократиялық партия көшбасшысы Барак Обаманы кінәлады.
Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Дональд Трамп аралық сайлау қорытындысын талқылап, Америка мен Ресей қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді. «Путин Қырымды аннексиялап алды ғой» деген сауалға Трамп «Ол кезде билік басында Обама болды. Обаманың режимі орындалды. Бұл жағдайға жол берген – сол!», – деп жауап қайтарды. Сонымен қатар, Трамп Хельсинкиде өткен кездесуге қатысты: «Путинмен жүздескен кезде Украина мен Сүрия жағдайын мен қауіпсіздік жайлы жақсы әңгіме өрбіттік», – деді.
Айта кетейік, 2004 жылы Ресей Украинаның Қырым автономиялық республикасын аннексиялаған. Ресей өзінің бұл қылығын «тарихи әділдік» деп бағаласа да, АҚШ пен Еуропа елдері Мәскеудің «агрессиялық» әрекетін заңсыздыққа балап, бірнеше мәрте санкциялар енгізіп келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы