Құрама Штат Иранның мұнай экспортына санкция салып, ИИР экономикасының күре тамырын буып тастағалы тұрған тұста, Жапония Иран мұнайын экспорттауды жандандыра түспек. Бұл туралы Жапонияның сауда және өнеркәсіп министрі Хирошиге Секо мәлімдеді.
Жапония Иран шикі мұнайын импорттаушы ірі елдердің бірі. АҚШ санкцияларына байланысты қазан айында Жопния Иран шикі мұнайын сатып алуды тоқтатқан болатын. Дегенмен, Құрама Штат билігі Жапония, Австралия секілді сенімді одақтастарынан 8 елді өз санкциясының сыртына қалдырғанын мәлімдеген. Осыдан кейін Жапония Иран шикі мұнайын импорттауды қайта қолға алды.
Иран ядролық келісімін «жарамсыз» деп бағалаған Трамп, біржақты шешім шығарып, келісімнен бас тартты. Осыдан кейін 2016 жылы алынып тасталған экономикалық санкция қайта іске қосылды. АҚШ санкциясының алғашқы раундты 7 шілдеде болған. 5 қараша күні Иранның мұнай экспортына қарсы санкция енгізді. Бұл Иран экономикасы үшін ауыр соққы болады деп бағалануда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау