«Сэлнэн» компаниясының шеберлері әлемдегі ең үлкен моңғол киіз үйін жасап, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Ханги-Мандал Кедендік бақылау бөлімінің маңында орнатылған зәулім үйге бір мезетте 500 адам оңай сыйып кетеді. Биіктігі 14 метр (үш қабатты үйдің биіктігімен бірдей) болатын ерекше ғимараттың дәстүрлі түрдегі төрт бағанасы да берік сақталған.
Шет елдік туристердің назарын аудару үшін жасалған киіз үй қазірдің өзінде танымалдылығын арттырып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең үлкен киіз үй Шыңжаңның Мори ауданында тігілген. Оның көлемі 1175 м² болса, биіктігі 18,5 м. Ал, күлдіреуіштен басқұрға дейінгі аралық 13,5 м құрайды. Сонымен бірге мұндай алып баспананың уықтары 6 метрден болса, шаңырағының өзі 8,5 метр болған. 3 ай бойы тынымсыз еңбек еткен 32 адам, барлық дәстүрлі ғұрыптарын да ескере білген.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?