Еуропалық Одақ Иранмен арадағы ядролық келісімді бұзбайтын болды.
Брюссельде өткен экономика және қаржы мәселесі бойынша ЕО кеңесінде ядролық келісімге қатысты тақырыптар жан-жақты талқыланған. Осы ретте Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас: «Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ 12 мәрте дәлелдегендей, Иран ядролық келісімнің міндеттемелерін бұзбайынша, біз де оларды бұлжытпай орындайтын боламыз. Еуропалық Одақтың және әлемдік серіктестердің мақсаты айқын», – деді.
Жиын барысында жақын арада аталған келісімге ешқандай өзгерістер мен жаңартулардың енгізілмейтіні және келісімге қатысты ортақ мәмілелер жасалынатыны айтылды. Еуропалық Одақ елдері халықаралық серіктестерімен бірге осы салаға байланысты жоспарларды бірге жүзеге асырмақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті