Миллиардер Илон Маск өзі негізін қалаған "The Boring Company" компаниясының Лос Анжелес қаласының астына салған тоннелінің видеосын көрсетті. Оны ол Twitter әлеуметтік желісіне жүктеді.
"Тоннелдің бойымен жүріп өттім. Сәл қорқыныштылау. Алдағы айдың онына ашылуы болады, соған дайындық үстіндеміз" - деп жазды ол парақшасына.
http://www.twitter.com/elonmusk/status/1058767039102312448/video/1
Оның айтуынша, тоннель арқылы автомобильдер сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Вествудтен Лос Анжелестің орталығына бес-ақ минутта жетіп алуға болады.
Жер астындағы 30 деңгейлі тоннельдер жүйесі автоматты түрде ауысып отырады. Болашақта аталған компания Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор және Вашингтон қалаларын жалғайтын тоннель салуды жоспарлауда.
Айта кетейік, Илон Маск бұл жобаны 2016 жылдың желтоқсанында қолға алған еді. Мұндай жобаны іске асыруға көлік кептелісінің көптігі себеп болған.