Уашингтон 5 қарашадан бастап Иранға қатысты санкцияларды қайта қалпына келтірмек.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз мәлімдемесінде АҚШ тарапынан салынатын қатаң қаулылар Иранның энергетика, банк ісі және кеме қатынасына бағытталатынын айтты. Экономикаға қатты ықпал ететін санкциялар Иран мұнайын экспорттайтын сегіз мемлекетке әсер етпейді.
Айта кетейік, Иранға қарсы санкциялар 2015 жылы күшін жойған болатын. Трамп әкімшілігі қос мемлекеттің ядролық келісімі «Құрама Штаттарына зиян келтіреді» деп сынға алған соң, 2018 жылы мамырда Америка ядролық келісімнен шықты. Сол уақыттан бастап Иранға қатысты өз күшін жойған қатаң қаулылар біртінден жүзеге асып келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы