Қытай Филиппиннің екінші деңгейлі портында жаңа инфрақұрылым жобасын қолға алуды көздеуде. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасын Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік-Тынық мұхиты аймағында кеңейтуінің бір бөлек жоспары.
Филиппин президент басқармасының веб-сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, дүйсенбі күні Филиппин президенті Дуттерте мен Қытайдың сыртқы істер министрі Уаң И Давао қаласына кездескен. Қытайдың ресми ақпарат агенттігі «Шинхуаның» хабарында, Уаң И мырза кезекті сапарында «Бір белдеу, бір жол» жобасын қамтыған Қытай-Филиппин экономикалық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге тырысатынын айтылған.
Филиппин үкіметі Қытайдың 2016 жылы қазанда берген уәдесі бойынша Филиппинге бағытталатын 24 миллиард доллар көмек пен инвестицияға қол жеткізуді көздейді. Алайда, Филиппиннің бұл қомақты қаржыдан үміті аз. Себебі, екі ел арасында Оңтүстік Қытай теңізінде ұзаққа жалғасқан шекаралық дау бар.
Давао қаласындағы аталған портты қалпына келтіру 1,6 млн халқы бар осы қалаға іскерлік мүмкіндік беретіні анық. Бұл аймақ табиғи ресурстарға бай болғанымен, экономикасы өркендемеген. Егер мұндай инфрақұрылымы жаңартылған порт қалпына келтірілсе, ол Қытай кемелер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды импорт-экспорттық базасына айналмақ.
Даваоның оңтүстік портын дамыту туралы жобалар шынында қызықты. Себебі, бұл Филиппиннің Қытай инвестициясын ынталандыру үшін жасап отырған жобасы. Бірақ, осымен қатар Филиппин Нанша аралындағы Қытайдың әскери қадамдарынан қатты алаңдайды. Бұл аумақта Қытай қорғаныс құрылғылары көптеп орнатты және жасанды аралдар салып, оны шағын әскери база ретінде пайдалануда.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді