Бразилия халқы үшін жаз аяқталып, жазбен бірге елдің кереметтері де сарқылғандай көрінеді. Назарларыңызға 2016 жылғы Олимпиададан кейінгі Рионың суреттерін ұсынамыз.
2016 жылдың көптеген жанжалды оқиғаларға толы болғаны есімізде. Оның ішіндегі ең маңыздысы – бүкіләлемдік допинг дауы. Бәрі де артта қалды. Дегенмен Рионың шуақты күндері әлі алда деп сенеміз.
Дегенмен, жазғы-қысқы Олимпиада, бүкіләлемдік EXPO сияқты көрмелер қай елде өткізіледі деп шешім қабылданады, сол елдердің қызу дайындалатыны белгілі. Туризм саласын қарастырады, жаңадан түрлі ғимараттар тұрғызады, т.б. Солардың барлығы тек әлемге көрсету үшін емес, сол елдің азаматтарына қызмет ете алатындай деңгейде тұрғызылуы керек. Қомақты қаржы бөлінген, беті жылтыр, негізі әлсіз ғимараттардың халыққа да қажеті шамалы.
Осы орайда, Қазақстанның 2011 жылғы Азиада ойындары өткізілген кешендерді ұсына кетейік:
Сонымен қатар, жақында ғана, қаңтардың 31-нен ақпанның 9-на дейін өткен 28-бүкіләлемдік Универсиада-2017 сайыстары жоғарыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, "Медеу" мұз айдынында, "Шымбқлақ" тау шаңғысы курортында және төмендегі спорттық нысандарда өтті:
Сондай-ақ, еліміздің биылғы EXPO-2017 көрмесіне дайындалып жатқандығын білесіздер. Аталмыш көрмеге "Болашақтың энергиясы" деген үлкен жоба ұсынылады. Өкінішке орай, енді салынып жатқан ғимараттың 2016 жылдың қараша айында опырылып түскені белгілі.
«The Qazaq Times»