
Аустралия Сыртқы істер министірлігі мәлімдеме таратып, былтыр 3 аустралиялық азаматтың Қытайдың Шынжаңдағы «Үйрену лагеріне» қамалғанын айтты. Сонымен бірге, бұған байланысты Қытай үкіметінен түсініктеме беруін сұраған талаптары жауапсыз қалғанын мәлімдеді.
Аустралия СІМ басшысы Грэм Флетчердің (Graham Fletcher) айтуынша, ресми Канберра өз азаматтары елге қайтып келгеннен кейін ғана олардың Шынжаңдағы лагерде қамалғанынан хабардар болған. Ал, оған дейін Қытай үкіметі аустралиялықтардың қамалғаны туралы ешқандай мәлімет бермеген.
Грэм Флетчер сөзінде: «Қытай билігі Аустралия және басқа елдердің дипломаттарының Шынжаңға баруына кедергілік жасап келді. Бірақ, біз дипломаттарымыздың Шынжаңға баруын әлі де Қытай үкіметінен талап етіп келеміз», – деп хабарлаған.
Қытайдың Аустралиядағы елшісі сол елдегі БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беруден бас тартқан. Ол тек аталған «Үйрену лагерін» «кәсіптік білім беру орталықтары» деп түсіндірген. Әрі, Қытай үкіметі осы «Кәсіптік білім беру орталықтары» арқылы діни экстремизмнің алдын алуда деп көрсетеді.