АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні «2018 жылғы АҚШ су инфрақұрылымы туралы заңына» қол қою кезінде журналистердің АҚШ-Қытай қарым-қатынасы туралы сұрақтарына жауап берді.
VOA агенттігінің Ақ үйдегі тұрақты тілшісі Генмен: « АҚШ кемелеріне Тайуан (Тайвань) бұғазына баруы, онсызда қайшылықта тұрған екі ел қатынасын тіпті де шиеленістіріп жіберуінен алаңдамайсыз ба?», – деген сұрағына, президент Трамп: «Мені бұл алаңдатпайды. Мен ешқашан бірнәрседен алаңдаған емеспін», – деп жауап берген.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, құрлық армиясының полковнигі Роберт Маннинг Ақ үйдегі баспасөз жиынында : «АҚШ теңіз әскери күштерінің Кертис Уилбур (USS Curtis Wilbur) басқарылмалы зымырандарды жойғыш кемесі мен USS Antietam ракеталық крейсер дүйсенбі күні халықаралық заңдарға сәйкес Тайуан бұғазынан «дәстүрлі түрде» жүзіп өтті.», – деп мәлімдеген.
АҚШ кемелерінің Қытай территориясына жақын су айдынына, айталық, даулы Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстігінен жүзіп өтуі екі ел арасындағы әскери қайшылықты өршіте түседі деп болжануда. Дегенмен, АҚШ осы арқылы Қытайдың аймақтағы асқына түскен әскери кеңеюіне тосқауыл қойып, халықаралық ортақ су жолдарының жалпыға бірдей қолжетімділігін сақтауды мақсат етпек.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі