17 жыл бұрын Нокиа компаниясы ұсынған кішкентай телефондар естеріңізде ме? Құласа да, суға түссе де «аман қалатын» еді ғой. Оны адамдар «төзімді кірпіш» деп те атап кеткен. Қазіргі кезде сұранысқа смарт телефондар ие болып кеткендіктен, өндірістен алынып тасталған болатын. Енді биылдан бастап HMD Global компаниясы Nokia 3310 моделін қайта нарыққа ұсынады. Бұл туралы afigenchik.ru хабарлайды.

Фото: fishki.net
«Нарықта 2000 жылы пайда болған телефон, қазіргі заманғы ұялы телефондар дәуірін бастап берді. Сол Nokia 3310-ды қайта шығармақпыз. Енді қуаттандырусыз ұзақ қызмет етеді және мықты корпус салынады. Бәрі сағынып қалған болар. Біз енді оны адамдарға ұсынамыз», – дейді компания өкілдері.

Фото: fishki.net
Жақсартылған нұсқасының артықшылығы неде?
Енді бұл телефон бұрынғысынан да қуатты, оқ өтпейтін және өте жинақы.
27 ақпаннан 2 наурызға дейін Nokia 3310 Барселонада өтетін Mobile World Congress конгресіне де ұсынылатын болады.
«The Qazaq Times»


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады