АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Эштон Картер Құрама Штаттар мен азиялық одақтастарын Қытайдың аймақтағы кеңеюіне қарсы бірлікте күресуге шақырды. Ол бұндай пікірді Гарвардтағы Кеннеди институтының қоғамдық-саяси басылымында жарияланған мақаласында ортаға салған.
Картер аталған мақаласында: «Тайуан (Тайвань) бұғазы, Корей түбегі, Тынық мұхит аймағы және жаһандық сауда секілді көптеген мәселелерде Қытай билігі толеранттылықтан көрі интеграцияны, түсінісуге тырысудан көрі қарсыласуды мақсат етті», – деген.
Ол Қытайдың кеңеюіне жол бермеу үшін Құрама Штаттарға инновациялық инвестицияларды ұлғайтуға кеңес береді. «Біз сондай-ақ, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралия секілді байырғы одақтастармен және Вьетнам мен Үндістан сияқты жаңа серіктестермен күшті әскери әріптестік байланыстар орнатуды жалғастыруымыз керек», – дейді Картер.
Эштон Картер 2017 жылы қаңтарда АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшылығынан кеткен болатын. Қазіргі уақытта Гарвардтың Кеннеди атындағы институттың директоры.
Картердің айтқанындағыдай Қытай билігі Тайуан бұғазындағы, Оңтүстік Қытай теңізіндегі, Тынық мұхиттағы территориялық даулар немесе өзгеде мәселелер, сауда қайшылығының бәрінде түсіністік арқылы шешуден көрі қарсылық шараларын басым қолданатынын байқатты. Соңғы бірнеше айда АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы қайшылықтарға ұласты. Қытайдың Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азиядағы қаламдары Уашингтон тарабынан жиі айыптау мен сынға ұшырады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы