2018 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша, 2011 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін қауіпті аймақтарда селфи түсіру кезінде қаза тапқан адамдардың саны 259-ға жеткен.
АҚШ-тың мединица зерттеушілер қауіпті жерлерде өлім-жітімді төмендету үшін селфиға тыйым салынған аймақтарды енгізу керектігін айтты. Олар тау шыңдарын, биік ғимараттарды, су айдындарының жағалауларын және қайғылы оқиғалар орын алатын басқа да орындарды «аса қауіпті орындар» деп санауды ұсынды. Зерттеушілер өлімнің ең көп тараған себептерінің бірі суға бату, жол апаттары және биіктіктен құлаудан болған дейді. 2011 жылы осындай үш жағдай тіркелсе, 2016 жылы 98, ал 2017 жылы 93-ке жеткен.
Осы жылдың шілде айында 19 жасар Гэвин Циммерман Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында құздан құлап қаза тапқан. Ал қыркүйекте Томер Франкфуртер Калифорниядағы Йосемит ұлттық паркінде 250 метр биіктіктен селфи жасау кезінде ажал құшқан. Статистикаға сәйкес, селфи жасаймын деп қаза болғандардың басым бөлігі Үндістан, Ресей, АҚШ және Пәкістанда және олардың 72,5%-ы ер адамдар екені анықталды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді