Осыдан бірнеше күн бұрын, Филиппиннің қарулы күштері ресми сайттары арқылы мәлімдеме жасап, 2019 жылы АҚШ-пен 281 бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу жоспарының бар екенін хабарлады. Мәлімдемеде көрсетілгеніндей бұл бірлескен оқу-жаттығулардың саны 2018 жылға қарағанда 20 ретке көп және Тараптар терроризмге қарсы күрес, теңіз қауіпсіздігі, гуманитарлық көмек және апаттардың салдарын жою саласындағы өзара тығыз ынтымақтастықты жалғастыра бермек.
Тайуан (Тайвань) басылымдарының хабарына қарағанда, Филиппин Қытаймен қарым-қатынасын дамытуға тырысқанымен, алдағы жылы Құрама Штаттарпен бірлесіп өткізетін көптеген қорғаныс ынтымақтастық шаралары да бар. Егер Қытай тарабы Оңтүстік Қытай теңізі мәселесінде Филиппиннің егемендік құқықтарына нұқсан келтірсе, Филиппин билігі Құрама Штатқа қарай бет бұруы мүмкін.
2016 жылы Филиппин үкіметінің билігінің ұстаған президент Дурттерте АҚШ-пен болған ынтымақтастықты барынша тежеп, Қытаймен сауда қарым-қатынасын дамытуға тырысты. Ондағы мақсаты Қытайдан келетін қысымның алдын алып, АҚШ және Қытаймен болған қарым-қатынастағы тепе-теңдікті сақтау болатын. Алайда, Филиппин билігіндегі кейбір саяси топтар, әсіресе қорғаныс саласының лауазымды тұлғаларының көбі Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері тығыз қарым-қатынаста болып келген АҚШ-пен одақ болуды қалайды.
Соңғы кездері АҚШ-тың Тынық мұхитындағы елдерге көбірек назар аудара бастауы Филиппин президентінің саясатына да аздаған өзгерістерді жасады. Оның үстіне, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі кеңейе түскен әскери әрекеттері төңіректегі елдерге алаңдаушылық туғызды. Бұл және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Бейжіңге деген сенімін әлсіретті. Қазір АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіне шектесетін Вьетнам, Филиппин қатарлы елдермен болған қорғаныс ынтымақтастығын бекемдеуге кірісуде. Бұл өңірде Қытайды барған сайын оқшаулай түсуі мүмкін.