АҚШ Иранмен арадағы «Достық» шартын бұзады. Бұл туралы Америка мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Associated Press агенттігіне мәлімдеді.
1995 жылы жасасқан келісімді Америка тарапы БҰҰ-ның «қатаң талабынан» соң бұзатынын айтқан. БҰҰ Халықаралық соты Теһранның шағымынан кейін Дональд Трампқа Иранға салынған санкциялардың бір бөлігін жою туралы талап қойған болатын.
Майк Помпео: «Иран БҰҰ-ның Халықаралық сотын әдейі теріс пиғылда пайдаланып отыр. АҚШ Иранға санкцияны жоймайды. Ал шартқа келер болсақ, Америка бұл шартты баяғыда жоюы керек еді»,– деді.
Еске сала кетейік, Құрама Штаттары мен Иран арасындағы одақтастық қарым-қатынас 1953 жылы жүзеге асқан. Бірақ Теһран Америка елшілігін басып алған соң, аталған келісім өз маңызын жойды. Араға біраз уақыт салып 1995 жылы қос тарап «Достық» шартына қол қойған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті