КХДР мен Оңтүстік Кореяның әскерилері бүгін, 1 қазаннан бастап батыстан шығысқа дейінгі төрт шақырым ұзындыққа созылған қарусыздандырылған аймақты минасыздандыруға кірісті, - деп хабарлайды 20minutes.fr Сеулдегі оңтүстіккореялық Қорғаныс министрлігінен таратылған мәліметке сілтеме жасап.
Ату жарақтары мен миналарды жою, қос Корей елдері арасындағы 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерді бірге іздеу туралы келісімшартты жүзеге асыру үшін қажет. Корея Республикасының Қорғаныс министрлігінің болжамынша, аталған аймақта бірнеше ондаған мың мина болуы мүмкін. Минасыздандырудың алғашқы кезеңі Оңтүстік Корея президенті Мун Жа Ин мен КХДР Мемлекеттік кеңесінің басшысы, солтүстіккореялық лидер Ким Жоң Ынның екі бірдей келіссөздері өткен шекаралық нысандағы «ортақ күзет аймағын» 20 күн ішінде аяқтау қарастырылған. 20minutes.fr агенттігінің мәліметінше, Чхорвонда (Оңтүстік Корея) шамамен 500 әскери қызметкердің, сонымен қатар, БҰҰ туымен күресуші 300 әскеридің сүйегі болуы мүмкін. Қаза тапқандардың сүйегін іздеу жұмыстарын 2019 жылдың 1 сәуірі мен 31 қазан аралығында жүргізу жоспарлануда.
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы БҰҰ туымен соғысушы АҚШ әскерлері мен солтүстіккореялық армиясының Қытай халықтық еріктілерімен арасындағы бітім туралы келісімшартқа қол қойылумен аяқталған еді. Сол уақыттан бері Уашингтон КХДР-ның бейбітшілік туралы келісімшарт жасау талпынысын үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Сингапурде солтүстіккореялық лидер Ким Жоң Ынмен кездесуде келісім бергенше кері қайтарып келген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді