«Талибан» радикалды қозғалысының өкілдері мен Ауғанстан үкіметінің делегациясы Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізіп, алда өтетін (20 қазан) парламент сайлауы алдында қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды. Ақпарат көзінің мәліметінше, кездесу осы аптада өткен.
«Олар бізден бейбіт сайлау өткізулеріне көмектесуге шақырды. Ауғанстан делегациясы қамауға алынғандарды босатуға қатысты келісімге келді», - деген талибан өкілдерінің бірі тіпті олардың кейбірінің бостандыққа шығарылғанын да хабарлаған. Аты-жөнін жасырған тәлібтердің бірі Сауд Арабиясындағы кездесудің АҚШ-тың қақтығысты үш айға қысқарту туралы талабының кесірінен америкалық шенеуніктермен кезекті келіссөздер жүргізу жоспары бұзылғаннан кейін өткізілгенін айтқан. «Біздің жетекшілеріміздің кейбірі Ауғанстан үкіметімен келіссөздер жүргізу туралы бастамасын қолдамады. Алайда, америкалықтармен өтеді деп күтілген кездесуіміз белгілі бір себептерге байланысты өткізілмеді», - деген ол.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні