Ерте ме, кеш пе АҚШ Иранның ядролық келісімшартына қайта оралады. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханидің сөзіне сілтеме жасап «The Times of Israel» хабарлайды.
«Ерте ме, кеш пе, бір күні Біріккен Штаттар қайта оралады. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес» , -деген Иран президенті. Оның сөзінше, оқшауланып қалған Иран емес, Америка. Иран өз мүддесін жоғалтпай, ядролық келісімшарттың шарттарын орындауды жалғастыруда.
25 қыркүйекте өткен БҰҰ-ның 73- Бас Ассамблеясында АҚШ президенті Дональд Трамп Теһран билігін әлемдік терроризмнің басты қолдаушысы деп атап, Иран билігін сынға алған еді. Ал, Рухани өз кезегінде Иранның АҚШ тарапынан «ешқандай соғысты, бірде-бір санкцияны, ешқандай да қысымды» қабылдамайтынын айтып, тез арада диалог бастауды ұсынды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел