Brexit жоспары жүзеге аспай жатып Ұлыбритания билігінің арасында кикілжіңнің тууына әкеп соқты. Консервативтік партия депутаттары бұл жоспарды жүзеге асырмау үшін тырысып бағуда. Олар тіпті премьер-министр Тереза Мэйді биліктен кетіруді қарастырып жатыр.
Қарсы топ премьерге сенімсіздік білдіретін жолдауды дайындап қойған. ВВС телеарнасы сараптамалық хабарлардың бірінде Тереза Мэйдің Еуроодақтан шығу жайлы шешімінің мүлде сын көтермейтіні айтылды. Сол себепті оның елу шақты әріптесі бірлесіп министрлер кабинетінің жетекшісін биліктен кетіру үшін «саяси сценарий» құрастырып жатыр. Олардың ойынша, Мэйдің «мағынасыз мәлімдемесі мемлекетті құлдыратады».
Даудың басы арыдан басталған. Біріккен Корольдік алдағы он жыл ішінде Еуроодаққа 40 миллиардқа жуық еуро төлеуі тиіс. Алдыңғы аптада Тереза Мэй «The Daily Telegraph» газетінде жарық көрген авторлық мақаласында Брексит шешімін бүге-шігесіне дейін талқылай отырып, «Екінші референдумға жол жоқ. Еуроодақ құрамында қалу-қалмау туралы мәселе енді талқыланбайды!», – деп кесіп айтқан. Ол өз сөзінде референдумды қайта өткізіп, елдегі демократияға қиянат жасағысы келмейтінін мәлімдеді. Алайда парламент депутаттары мен бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Джонсон Мэйдің ұсыныстарын қатты сынға алды және Еуроодақтан шығу үшін төленетін 40 млрд еуроға қарсылықтарын білдірді. Олар түбінде Брюссель жеңіске жетіп, Чекерсте болған ұсыныстан соң Ұлыбритания ұрысқа ақ жалау желбіретіп барғандай болады деген ойда.
Еске сала кетейік, Brexit-ке қатысты келіссөздер осы жылдың қараша айына дейін жалғасын табады. Егер Еуропарламент пен Вестминстер аталған жоспарды мақұлдаса, ол келесі жылдың наурызында түбегейлі жүзеге асады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді