АҚШ пен Ұлыбритания күш біріктіріп, арнайы әскери жаттығулар өткізіп жатыр. Парсы шығанағында Бахрейн жеріне жақын маңда өтіп жатқан дайындық миналардан қорғану үшін жүргізілуде.

Иранды Сауд Арабиясынан бөліп тұрған Парсы шығанағында қақтығыстар үнемі болып тұрады. Бұл аймақтағы су айдыны Тегеранның  бақылауында болғандықтан, олар Американы маңайына жолатқысы келмейді. Мұнымен қоса Иран Парсы шығанағы мен Оманды бөліп тұрған Ормуз бұғазын бөгейміз деп сес көрсетеді. Бірақ, Америка өз дегенінен қайтпайтыны белгілі.

Осы уақытқа дейін екі алпауыт мемлекет ғаламдық өркендеу мақсатында түрлі шараларды бірлесе жасаған. Енді қауіпсіздік шаралары арқылы шекаралық қарым-қатынас пен қорғанысты нығайта түспек.

"The Qazaq Times"