Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бірігіп Олимпиада ойындарын өткізуі мүмкін.
«Yonhap» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Корея тарапы КХДР-ға 2032 жылы өтетін Олимпиада ойындарын бірлесіп өткізуге байланысты ұсыныс жасамақ.
Оңтүстік Корея спорт министрі До Чен Хван аталмыш мәселеге байланысты журналистер алынданда сөйлеген сөзінде: «Мен Корей түбегіндегі мәселелерді бейбіт жолмен шешудің бір жолы ретінде Олимпиада ойындарын білесіп өткізу жоспарын ұсынбақпын. Ресми Сеул мен Пиоңяң бұл ойындарды бірігіп өткізе алады» - деп мәлімдеген.
Бұдан бөлек До Чен Хваның сөзінше, алдағы уақытта Оңтүстік Корея 2030 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын Қытай, Жапония және Солтүстік Кореямен бірлесіп өткізуге байланысты ұсыныс жасамақ.
Айта кететін бір жайт, Оңтүстік Корея 1988 жылы Сеул Олимпиадасы кезінде де дәл осындай ұсыныс жасаған. Бірақ ол кезде тараптар Олимпиада шараларын бөлісе алмай, жазғы олимпиада ойындарын Оңтүстік Корея бір өзі өткізген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі