Жапония Ресеймен арадағы шекара мәселесін шешіп алмайынша, бейбітшілік келісім жүргізбейтін болды.
«Japan Times» тілшілерінің жазуынша, Жапония министрлігінің бас кеңесшісі Йосихидэ Суга Куриль аралдарына қарасты Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аймақтарын «қайтармайынша» нақты жоспар жүзеге аспайды деп кесіп айтқан. Сондай-ақ, саясаткер өз сөзінде нақты жобалар жүзеге аспайынша Путиннің әрбір әрекетіне пікір білдірмейміз деген.
Жапония мен Ресей арасындағы ынтымақтастық келісімге 70 жылдан бері қол қойылмай келеді. Бұл мәселенің басты себебі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Ал Ресей Токио мен Мәскеу арасында нәтижелі байланыстың өрбімейтініне алаңдаушылық білдіріп отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы