Сейсенбі, 11 қыркүйекте Ауғанстанның шығысындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, тағы 128 адам жарақаттанған.
AFP хабарлауынша, жарылыс Нангархар қаласындағы қарсылық науқаны кезінде орын алған. Қарсылық науқанына жергілікті полиция басшысының тағайындалуы себеп болған. Қарсылық шарасына шығушылар Джелалабад қаласының әкімшілік орталығы мен Пәкістанмен шекарадағы ірі шекаралық өткел арасындағы жолды жауып тастаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жанкешті-террорист қарсылық акциясына шығушылар тобында жарылатын құрылғысын іске қосқан. 32 адамның өмірін жалмаған бұл террорлық істі әзірге ешқандай ұйым мойнына алмай отыр. Дегенмен, Талибан қозғалысы мен Ислам мемлекетінің әлі күнге дейін Нангархарда қарулы қақтығыс жүргізіп жатқанын есепке алған үкімет, аталған жарылысты екі топтың бірі мойнына алуы мүмкін деп күтеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы