Жерорта теңізінің Ливия жағалауында босқындар тиелген кеме суға батып, салдарынан 100-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды fr.euronews.com.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының (фр. Médecins sans frontières) ақпаратына қарағанда, резеңке қайықтарда Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінен 160-тан астам босқын болған. Олардың 55-і ғана аман қалған. Ұйымның хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында 20-дан астам бала болған.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы құтқарылған адамдарды заңсыз қамауда ұстауда деп хабарлайды. Олардың кейбірі медициналық көмекке мұқтаж. Бұл — соңғы бірнеше айдан бергі Жерорта теңізінде болған босқындар апатының ең үлкені болып табылады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы