Егер Сүрия президенті Башар Асадтың әскері Идлибке шабуылын жалғастыра беретін болса, бүкіл әлем осы істің зардабын тартатын болады, - деп ескертті Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. «The Wall Street Journal» журналында «Әлем Асадты тоқтатуы керек» деген түрік президентінің мақаласы жарық көрді.
Мақалада Ердоған сүриялық әскерилердің «террористермен күрес деген» желеумен Идлиб шабуылының салдарын ескерткен. «Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері Идлибке жасалатын шабуылға қатысты өздерінің міндеттерін түсінулері керек», - деп жазған ол. Режимнің шабуылы Түркия мен Еуропа үшін гуманитарлық қауіп-қатерлер туындатуы мүмкін.
Ердоған мақаласында Түркияның сүриялық қақтығыстағы рөлін атап, түрік елінің сүриялық босқындардың басым бөлігін — 3,5 млн адамды қабылдағанын да жазған. Оның айтуынша, Түркия қантөгісті тоқтату үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Батыс, сонымен қатар Ресей мен Иран аймақтағы гуманитарлық апаттан жауапты. Түркия президенті Идлибте нақты бір террорлық топтар бар екенін мәлімдей келе, ол жердегі экстремистерді түп-тамырымен жою үшін «жалпыға ортақ халықаралық контртеррористтік операцияға» шақырған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы