АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама қайтадан саяси пікірталасқа қатысты. Ол өз мәлімдемесінде Трампқа «демократия жауы және демагог» деген баға берген. Бұл жайлы «The New York Times» хабарлайды.
Иллинойс штатындағы жоғары оқу орнында студенттерге дәріс оқыған Барак Обама: «Мен ешқандай да консервативті жағдай көріп тұрған жоқпын. Авраам Линкольннің жолын жалғаушымын деп те айта алмаймын. Бірақ ол Республикалық партияны қалыптастыруға көмектесті. Бұл консервативті емес. Бұл қалыпты емес. Бұл – түбегейлі. Біздің билігімізді және бізді қолдайтын адамдарды қорғау – бұл елге пайда әкелгеннен де маңызды нәрсе», – дейді. Жиын барысында Обама «алдағы уақытта кампанияларға қайтадан жорыққа шығатынын» айтқан.
Ал Дональд Трамп өзіне қатысты әңгімені елеген жоқ. Бұл кездесу туралы Трамп: «Кешір, мен барынша қарауға тырыстым. Бірақ, қалғып кетіппін. Байқауымша, тәтті ұйқы сыйлауға таптырмас мүмкіндік болды!», – деп жауап берді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті