Жақында Вашингтон ядролық қарудан арылу мәселесінде нақты нәтиже, жылжу жоқ деген болатын. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл пікірмен келіспейтінін айтты.
Қазіргі уақытта аталған мәселе Құрама Штаттарымен қатар өзге де мемлекеттерді алаңдататыны рас. Сол себепті АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық қаруды доғару туралы ұсыныс білдірген. Ким Чен Ын Оңтүстік Корея елшісінен осы тақырыпқа қатысты сәлемдеме жолдады. Саясаткердің айтуынша, Пхунгери полигонында демонтаж жүргізілгеннен соң мемлекетте ядролық сынақ өткізілмейді. Ким Чен Ынның ойынша, әлем қауымдастығы осы уақытқа дейінгі нәтижелі әрекеттер мен Пхеньянның «батыр» қадамын мойындамай отыр. Өз сөзінде ол АҚШ-пен байланыстың едәуір жақсарып, түбектегі жағдайлардың шешімін табатынына нық сенімді екенін білдірген.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп «Reutеrs» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында: «Киммен өте жақсы «химиялық» байланысымыз бар. Арамызда химиялық реакция жылдам жүреді. Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары 30 жыл бойы тер төккенде, мен ядорлық жарылыстарды дереу тоқтаттым. Резонанс туды. Жапония әлі де таңқалуда. Не болуы қажет? Оны көре жатармыз» – деген болатын. Сондай-ақ Трамп Пхеньяндағы мәселенің жөнді қарастырылуы үшін нәтиже керектігін де ескерткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді