Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI-саммиті өтпек. Бұл туралы Қырғызстанның «nazarnews.kg» ақпарат көзі хабарлайды.
Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан елдерінің басшылары қатыспақ. Негізінен, ұйымға төрт мемлекет — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан ғана мүше. Ал, Өзбекстан құрметті қонақ ретінде қатыспақ. Сонымен қатар, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан да саммитке бақылаушы ретінде қатысады деп күтілуде. Ұйымға төрағалық ету биыл Қазақстаннан Қырғызстанға өтуде. Негізінен, бұл саммит Қырғызстанда 2016 жылы да өтеді деп жоспарланған еді. Алайда, Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмаспек Атамбаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның арасындағы екіжақты мәміленің бұзылуына байланысты, биыл өтіп отыр.
Қазіргі таңда Қырғызстанда III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары да басталды. Онда этноспорттың 37 түрі бойынша жарыс өтіп, оған 80 елден 3000 спортшы қатысады деп күтілуде. III Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары 10 қыркүйекке дейін жалғасады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр