Reuters агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияның Credit Suisse банкі АҚШ-тың Ресейге салынған санкцияларына байланысты 5 миллиард доллардың активін бұғаттаған.
Ресми мәлімет бойынша, Швейцария Ресеймен бірден-бір маңызды экономикалық байланыс жасайтын мемлекет. Демек, бұл шешімнен кейін Ресейдің жағдайы нашарлайды.
Ұлыбританияда ресейлік экс-агент Сергей Скрипальдің уланғанына байланысты 22 тамызда АҚШ жаңа санкция енгізген. Трамптың Ресейге қарсы салған санкциясы технология мен қосалқы құрылғылар жеткізуге шектеу қойды. Содан бері Ресейге мұнай-газ саласына қатысты компания басшылары мен олигархтар «қоңыз теріп кетті». Егер Ресей химиялық қару бойынша істі қайта қарамаса, үш айдан соң тағы да санкция салынады. Ол санкцияға сай экономкиалық келісімді қайта қарап, екіжақты сауданы барынша азайту қарастырылған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы