Германияның жаңадан сайланған Сыртқы істер министрі Хайко Маас "Handelsblatt" газетіне берген сұхбатында Америкамен арадағы қарым-қатынастарды қайта қарау туралы ұсыныс білдірген. Оның айтуынша, Уашингтонға деген сенім бұрынғыдай емес.
«Еуропалық Одақтың құрамындағы мемлекеттердің мүддесі ортақ . ЕО тек қана Американың емес, біздің де ДНК-мыз іспетті. АҚШ Иранмен байланысын доғарып, экономикалық тұрғыда дұрыс саяси стратегия жүргізуі тиіс. Трамп Германияны ешқашан басып өтпеуі қажет. Қазіргі жағдайда бұл қателіктер жиі байқалады», – дейді министр Маас.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас Дональд Трамптың билікке келуінен бастап нашарлай түскен. Трамп Германия канцлері Ангела Меркельді жиі сынға алып, мигранттардың артуына қарсылық білдірген болатын. Меркель Трамптың көші-қон заңнамасы мен миграция мәселесіне қатысты пікірін құптамайды.
2018 жылы маусымда Дональд Трамп: «Германия – энергетикалық тұрғыдан Ресейге тікелей тәуелді мемлекет», – деп кесіп айтқан. Саяси былықтың ортасында қалған екі мемлекет басшыларының болашақта нақты қандай келісіміге келетіні әзірге жұмбақ күйінде қалуда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы