Бір күн бұрын Құрама Штат үкіметі 3 компанияға Солтүстік Кореяның санкциядан жалтаруына көмектескен деген айып тағып, санкция салғанын жариялады.
Ресей үкіметінің бүгінгі ресми мәлімдемесінде, Ресей, Қытай және Сингапур компанияларына бағытталған АҚШ-тың соңғы санкциялары «залалды» әрі «өзіне пайдасыз» тимейді деп бағалады. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі кеше мәлімдеме жасап, Солтүстік Корея мәселесін шешу үшін «халықаралық бірлескен күш» қалыптастыру қажеттілігі туып тұрған тұста, Құрама Штаттың жаңа санкциясы орынсыз деп айыптады. Сонымен бірге, Мәскеу тарабы бұл санкция Корей түбегінің ядролық қарусыздануы туралы келіссөздерге кедергі келтіреді деді.
АҚШ үкіметі бір қытайлық сауда компаниясы мен оның филиалдары Сингапурда жалған құжаттарды пайдаланып, Солтүстік Кореяға алкогольді өнімдер мен темекіні заңсыз тасымалдады деп айыптады. Әрі, заңсыз тасымал арқылы 1 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс тапқанын айтты.
Ал, АҚШ-тың қарауына ілінген ресейлік компанияға Солтүстік Кореяға заңсыз мұнай тасымалдайтын кемелерге қызмет көрсеткен деген айып тағылды.
АҚШ санкциясы бойынша бұл компаниялардың Құрама Штат жеріндегі активтері бұғатталады және америкалық компаниялардың ынтымақтастық орнатуына тыйым салынады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді